Нұрқанатты екі-ақ рет тепкенім үшін 20 жыл бересіздер ме? – Равиль Сакиев

/
Нұрқанатты екі-ақ рет тепкенім үшін 20 жыл бересіздер ме? – Равиль Сакиев
видеодан скриншот

Бүгін Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі жарыссөзде айыпталушылар мен олардың аналары соңғы сөздерін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Менің де жүрегім ауырады. Анама қараймын. Әкем мен анам ғана бар. Біреудің жалғыз баласымын. Мылтық атқандарына ашуланып, төбелестім. Мен барғанда төбелес басталып кеткен. Ол жерге ештең білмей бардым. Мен кінәлі емеспін деп айтпаймын, мен кінәлімін. Нұрқанат Ғайыпбаевты тепкенімді мойындаймын. Бірақ біреуге пышақ сұғылғанын, қайтыс болғанын білмедім. Кім мамасы, кім папасы екенін ажыратпадым. Түнгі сағат бір. Біреу мылтықпен атып жатыр, біреу пышақ алып шығып жатыр. Ештеңе ажыратпадым», - деді ол.

Равильдің қорғаушысы ретінде танылған анасы да баласының қолында пышақ болмағанын, кінәсі дәлелденбегенін айтты. 

"Бұл баланы туған мен. Ұлымның қандай екенін білемін. Егер бұл қылмысты жасаған сол болса ол кінәсін мойындар еді", - дейді ол. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары