Бүгін Талдықорғанда өтіп жатқан марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысында айыпталушы Дидар Қалиахметтің адовкаты Гаухар Баймұханова жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың үстінен іс қозғауды талап етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
- Дүкеннен пышақты бірінші болып алып шыққанын ескере келе, Шерзат Полатты, Нұрқанат Ғайыпбаевты, Қаржаубай Нұрымовты қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша көрсетілген қылмыстық құрамның болуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы жекеше қаулы шығаруды сұраймын. Аталған қаулыны Алматы облысы прокуратурасына жолдауды өтінемін, – деді ол.
Ол сондай-ақ Дидардың кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар екенін ескеруді сұрады.