Өзіне заңсыз сыйақы тағайындаған бөлім басшысы қызметінен босатылды

/
Өзіне заңсыз сыйақы тағайындаған бөлім басшысы қызметінен босатылды
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы прокуратурасы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол қолданылып жүрген тәртіптік жаза бола тұра, өзіне заңсыз түрде 766 510 теңге көлемінде сыйақы тағайындаған.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы 2025 жылдың 17 наурызында Батыс-Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Департаментінің тәртіптік кеңесіне қадағалау актісін енгізді.

Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша, тәртіптік кеңестік ұсынымына сәйкес, Жәнібек ауданы әкімінің өкімімен Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік лауазымынан босатылды.

Заңсыз сыйақы мемлекетке қайтарылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары