Белгілі әзілкеш, актер Жаһан Отарғалиевтің үшінші жары оған тосынсый жасады. Жаһан бұл сыйлыққа жылап қалған, деп жазады turkystan.kz.
«Сен мені әрдайым қуантасың. Бүгін мен сені қуантқым келіп тұр», - дейді келіншегі видеода.
Жары оған үлкен қажылыққа жолдама сыйлаған. Мұндай сыйлықты күтпеген Жаһан көзіне жас алып, жылап қалған.