Бозкілемде формасыз күресіп, желіде кішкентай «Қажымұқан» атанған жас балуан Ескендір Әбубәкірдің жасы небәрі 5-те.
Грек-рим күресімен шұғылданатын жас атлет чемпион болу үшін қандай тағам жеу керек екенін айтып, көпшілікті бір күлдіртіп алды.
«Ет пен май жеу керек. Қойдың майын жеуін керек. Сосын қойдың етін жеу керек. Маған үйдегілер қой сойып береді. Бірақ қойдың басын жемеймін», – дейді жас балуан Qazaqstan телеарнасынан шығатын «Дара бала» бағдарламасына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген жас балуан формасыз күресіп, қарсыласын алып жыққан сәті таспаланған видео желіде кеңінен таралған болатын. Еркін күреспен айналысып жүргеніне бір жылдай уақыт болған оған жас кәсіпкерлер күресуге арналған спорттық киім табыстады.