Қытай қазағы Джалоловты жеңіп, финалға шықты

/
Қытай қазағы Джалоловты жеңіп, финалға шықты

Қытай құрамасы сапында өнер көрсететін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің финалына жолдама алу үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

80 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда ол Өзбекстан боксшысы Самандар Жалоловпен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Қытай атынан шыққан Таңатқанға берді.

Айта кетейік, екінші және үшінші раундтарда Тоқтарбек қарсыласын нокдаунға түсірген болатын.

Осылайша, Тоқтарбек финалға жолдама алды, ал Жалолов турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары