Нидерландыда Haribo неміс компаниясының шайнайтын кәмпиттерінен каннабис табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл — жарамдылық мерзімі 2026 жылғы қаңтарға дейін деп көрсетілген Happy Cola F!ZZ атты килограмдық орамдағы кәмпиттері. Каннабистің тәттілерге қалай түскені әзірге белгісіз. Ол бірнеше ересек адам мен баланың өзін жайсыз сезінгеннен кейін анықталған.
Нидерландтың Азық-түлік өнімдері мен тұтыну тауарлары қауіпсіздігі басқармасы Haribo компаниясымен байланысып, ескерту жіберген.
Зақымданған партияның көлемі әзірге белгісіз. Қазір полиция тексеру жүргізіп жатыр.