Испаниялық дәрігер Сара Марин Бербелл тамақ ішкеннен кейін неге душқа түсуге болмайтынын түсіндірді, деп жазады turkystan.kz.
Оның айтуынша тамақ ішкеннен кейін душқа түсу – ас қорытуға жаман әсер етіп, өзіңізді жайсыз сезіндіреді.
Себебі тамақ ішкеннен кейін тамақты қорыту үшін асқазан – ішек жолына қан жүгіреді. Ал душқа түссеңіз, әсіресе ыстық душқа түссеңіз ағза терморегуляция жасау үшін қанның біраз мөлшерін теріге бағыттайды. Бұл өз кезегінде ас қорыту процесін баяулатып, кекіртеді. Ішіңізді ауыртып, басты айналдырады.
Бербелл тамақ ішкеннен кейін 30-60 минут күте тұруға кеңес береді. Содан кейін ғана душқа түссеңіз болады. Бұл әсіресе ыстық күндері маңызды. Ағзаға артық салмақ салмай, тамақты қорытын алып, содан кейін барып душқа түскен дұрыс.