Алматы қалалық перинаталдық орталығында дүниеге үшем келді. Сәбилер ешқандай ЭКО-сыз, табиғи жолмен өмірге келген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қалалық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, үш қыздың ата-анасы – Эльмира Рысманова мен Нұрмахан Голибаев.
«Біздің отбасымызда 2019 және 2022 жылдары дүниеге келген екі керемет егіздер өсіп жатыр. Енді, 2025 жылы үшем келді! Енді бізде 10 бала бар. Қалалық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологтарына, дәрігерлеріне және барлық мамандарына шын жүректен алғыс айтамын. Дәрігерлердің кәсібилігі мен қамқорлығының арқасында бәрі сәтті өтті», – деп бөлісті көпбалалы ана Эльмира Рысманова.