Қазақстан мен Оман сауда-экономикалық серіктестікті тереңдетпек

/
Қазақстан мен Оман сауда-экономикалық серіктестікті тереңдетпек

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанға жұмыс сапарымен және Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген Оман Сұлтандығының Қаржы министрі Сұлтан Әл-Хабсимен кездесу өткізді.

Тараптар сауда, инвестиция, логистика және басқа да стратегиялық маңызды бағыттардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

М.Нұртілеу Қазақстан Оманның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды жан-жақты жүзеге асыруға ерекше мән беретінін атап өтті.

Қазақ тарапы Оманның ҚР мен оған көршілес елдері үшін тікелей инвестициялар қорын құру жөніндегі бастамасына толық қолдау білдірді. Омандық инвестициялардың Қазақстан экономикасына жалпы көлемі 253 млн АҚШ долларынан асты.

Қолданыстағы көлік бағыттарының мүмкіндіктерін және «Oman Vision 2040» бағдарламасының мақсаттарын ескере отырып, екі елдің логистикалық серіктестігін және өңірлердің өзара байланысын дамытуға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында министрлер өзара мүдделі нақты жобаларды ілгерілету бойынша мазмұнды диалогты жалғастыруға дайынғын растады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары