Ақтөбеде екі баласын бірдей тұншықтырып өлтірген келіншекке қатысты сот басталды, деп хабарлайды turkystan.kz ktk.kz-ке сілтеме жасап.
Айыпталушы Талғардағы арнайы орталықта емделіп жатқандықтан, алғашқы сот отырысына қатыса алмады.
Бұл сот процесіне санаулы ғана қатыстушылар қатысып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы мен адвокат және жәбірленуші ғана келген. Өз балаларын өлтірген келіншекті олардың бәрі жазғырудан аулақ. Оның психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емделгенін қалайды. Себебі екінші баласын туғаннан кейін 29 жастағы келіншектің жүйке жүйесі сыр берген. Жәбірленуші деп танылған күйеуі жұбайының қыста қызын өлтірмек болғанын айтады. Одан соң, төркіні емдетеміз деп, Атыраудан Қандыағаш қаласына алып келген. Алайда екі ай бұрын әйел үш жасар ұлы мен 11 айлық сәбиін жастықпен тұншықтырып тынады. Мамандар оның психоз дерті асқынып, қоғамға қауіпті екенін сараптама дәлелдеді дейді. Енді жаза кесу қажет пе, әлде жындыханаға жатқызу керек пе, оны сот шешеді.
"Талабым, енді маған былай айтқанда, опасыздық жасады. Екі баланың аруағы үшін мен ол жаққа жібергеннен ... емделіп, қоғамға қосылғанын қалаймын. Мен қайын атамнан көмек сұрадым: «кішкене қызыңыз ауырыңқырап жүр, не істейсіз?». «Алып кетем, емшілерге апарамын, невропатология жағына қаратам» деген. Мен оған қарсы болған жоқпын. Әкесі және балдызым алып кетті", — дейді күйеуі Жеңісбек Әбілхан.