Еліміздегі үздік 100 мектептің тізімі жарияланды

/
Еліміздегі үздік 100 мектептің тізімі жарияланды
Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең үздік 100 мектептің тізімін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Тізім орта білім беру сапасына жүргізілген кешенді бағалау негізінде жасалған.

https://www.gov.kz/memleket/entities/control/documents/details/847511?lang=kk

Бағалау барысында тек академиялық көрсеткіштер ғана емес, сондай-ақ бірнеше әлеуметтік факторлар да ескерілген:

  • білім сапасын сырттай бағалау нәтижелері;
  • PISA және PISA for Schools халықаралық зерттеулеріне қатысуы;
  • білім жетістіктерін мониторингтеу деректері;
  • мұғалімдердің біліктілігі мен оқушылардың жетістіктері;
  • инклюзивті білім беру сапасы;
  • мектеп ішіндегі микроклимат пен тәрбие беру ортасы;
  • мектептердің экологиялық, ғылыми және әлеуметтік жобаларға қатысуы.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары