Шерзат Полаттың өлімі: Күдіктілердің көліктегі аудиозжазбасы тыңдалды

/
Шерзат Полаттың өлімі: Күдіктілердің көліктегі аудиозжазбасы тыңдалды

Талдықорғанда Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот жалғасуда. Сот процесі барысында қорғаушы Мейірман Шекеев Land Cruiser көлігіндегі видео мен аудиожазбаларды көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға болған түні Prada көлігінде Абзал Шынасыл, Юлдаш Розыбакиев, Арлан Казкенов, Нұрқияс Ілиясов және Дана Жақсыгелді отырған.

Жазбада сотталушылардың оқиғадан кейін көліктің ішінде болған әңгімелері жазылған. Сондай-ақ көлікте болған куәгер қыздардың да дауысы анық естіледі. Әңгімеде олар болған оқиғаны талқылап, келесі қадамдарын жоспарлағаны байқалады.

Машинада болған жазбаға қарағанда, фигуранттар Нұрқияс Ільясов пен Абзал Шынасыл болған жағдайды қызу талқылаған. Бұл ретте Нұрқияс Ільясов болған оқиғаны "біздің тема" деп атаған.

Жазбадағы деректерге сәйкес, олар кафеден кейін "әкімдіктің алдында ішеміз" деп отырған. Сондай-ақ Грузия мен Ресейге кетуге болатыны жайлы да талқылаулар болған.

Сөйлесу барысында бейәдеп сөздер жиі естілген.

«Талып қалды, шатыры тайып кетті ғой», – деген Абзал Шынасыл.

Сол сәтте Шынасыл көлікте отырған Юлдаш Рузбакеев пен Арлан Кәскеновке ескертіп, «ештеңе көрмедік деп айтыңдар, ауыздарыңды жабыңдар» дейді.

Жазбада сондай-ақ төбелес болған жерде қандай да бір дәлел қалды ма, жоқ па деген де әңгіме болған. Біреудің «Хутор келді» дегені естілген.

«Ұсталсақ не дейміз?» – деген дауыс естілген жазбада.

Сотта жазбада айыпталушы Равиль Сакиевтің дауысы естілгені оқылып берілді.

«Әй, дос, анау өліп қалды ма, не дейді? Жүрші, ..., сотталсақ, сотталып кетейік!», – деген Равиль Сакиев.

Осыдан кейін жәбірленушілер тарапы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша куәгерлер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыкелдіден қайта жауап алу үшін сотқа шақыруды сұрады.

Сот отырысының басында жәбірленуші тарап куәгерлер Эльмира Нұрбекова, Арлан Қазыкенов және Дана Жақсыкелдіні сотқа шақыру туралы өтініш берді.

«Видеожазбадан Нұрбекованың шокта болмағанын көрдік. Сондықтан оны куәлік беруге шақыруды сұраймыз. Оның іске қатысы бар деп есептейміз», – деп түсіндірді жәбірленушілердің адвокаты.

Судья Ержан Жанұзақов куәгерлерді күдікті ретінде қамауға алу туралы шешім болмағандықтан, бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Жәбірленушілердің адвокатының айтуынша, Шерзат Полаттың отбасы денсаулық жағдайына байланысты сотты оларсыз өткізуді сұраған.

«Олардың да жауабы әртүрлі болды, бізге жауап беруге міндетті», – деп қарсылық білдірді сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұман Әбенов.

Бірақ бұл мәселе бойынша судья жауап алу кезінде куәлардан жауап алуға мүмкіндік берілгенін айтты. Сот жәбірленушілерсіз қарауды жалғастыру туралы шешім қабылдады.

«Сіздің шешіміңізбен келіспеймін, өйткені біз басында жәбірленушілерден жауап алған кезде кейбір материалдар зерттелмеген деп, өзіңіз тоқтатқан едіңіз. Қазір біз оларды зерттедік, көптеген сұрақтар бар», – деді сотталушы Дидар Қалиахметтің адвокаты Баймұханова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары