Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты

/
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты
видеодан скриншот

Алматы облысында, Ұзынағаш ауылының маңында тас жолда ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апаты болған жерден түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды. Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейі туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Апат сәрсенбі күні, 28 мамырда, сағат 18:00 шамасында Алматы – Бішкек автожолының 44-шақырымында болған.

«Алдын-ала мәлімет бойынша, Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны «КамАЗ» маркалы жүк көлігін басқарып келе жатып, тіркеменің ажырауына жол берген. Басқарудан шыққан тіркеме қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Geely көлігімен соқтығысқан, ал Geely инерциямен KIA Sportage көлігіне соғылған. Қайғылы оқиға салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды, олардың ішінде Geely көлігінің жүргізушісі де бар», – деп хабарлады полиция.

Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары