Жедел жәрдем қызметкерін сабаған азамат сотталды

/
Жедел жәрдем қызметкерін сабаған азамат сотталды
istockphoto.com

Астана тұрғыны 2025 жылдың 29 қаңтарында өз үйінің жанында тұрып, жедел жәрдем көлігімен келген фельдшерді ұрған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдікті мас болған. Фельдшердің денсаулығына орта дәрежеде зақым келіп, миы шайқалған.

Сотта күдікті  кінәсін толық мойындаған.

Сот үкімімен ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, материалдық залал өндіріліп, шартты түрде 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары