Қазақстан мен Финляндия көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуды қолдайды

/
Қазақстан мен Финляндия көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуды қолдайды
gov.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасарыСыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Қазақстанмен парламенттік «достық тобының» жетекшісі Вилле Скиннаримен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, биік және жоғары деңгейдегі байланыстарды сақтау, парламенттік дипломатияны дамыту және сауда-экономикалық серіктестікті нығайту мәселелері қозғалды.

Осы тұрғыда Қазақстан мен Финляндия арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның рөлі ерекше аталып өтті. Осы комиссия – Қазақстан мен Суоми арасындағы ресми өкілдер мен іскер топтар арасындағы диалог пен өзара іс-қимылдың тиімді институционалдық алаңдарының бірі.

Сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұл тұрғыда Финляндияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы биылғы төрағалығы, сондай-ақ Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығы мен 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясына 15 жыл толуына орайластырылған іс-шаралар назардан тыс қалмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары