Сәтпаев қаласында автокөлік бір топ жасөспірімді басып кете жаздады

/
Сәтпаев қаласында автокөлік бір топ жасөспірімді басып кете жаздады
скриншот

Сәтбаев қаласында көлік жүргізуші қатты жылдамдықпен дәмхана жанындағы жаяу жүргіншілер жолағында тұрған жасөспірімдерді қағып кетті.

Ұлытау облыстық полиция басқармасының мәліметінше, оқиға 25 мамырда Абай көшесі бойындағы дәмхананың маңында болған. Видеодан бір адамның қатты соққыдан жерге құлағанын көруге болады. Оқиға куәгерлері зардап шеккен азаматты орнынан тұрғызып жатты.

«Полиция қызметкерлері мас жүргізушіні бірден ұстады. Жасөспірімдер медициналық тексеруден өтті, қазір олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ», – деп мәлімдеді полиция.

Іс материалдары қазірдің өзінде сотқа жіберілді. Үкім жақын арада шығады. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары