Түркістан әуежайында 100-ге жуық оқушы бір мезетте күй тартты (ВИДЕО)

/
Түркістан әуежайында 100-ге жуық оқушы бір мезетте күй тартты (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Түркістан халықаралық әуежайында 100-ге жуық оқушы бір мезетте күй тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркістан телеарнасының мәліметінше, бұл бастама Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2035 жылға дейінгі «Оқушылардың тұтас дамуы» стратегиясы аясында ұйымдастырылға. Бұл — Түркістан қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысқан дәстүрлі «Домбыра» жобасының жарқын көрінісі.

Әуежайда 100-ге жуық оқушы бір мезетте қазақтың төл туындылары — «Кеңес», «Нәрағашы», «Келіншек», «Тепеңкөк», «Балбырауын», «Ертұран» сынды күйлерді орындап, жолаушыларға рухани әсер сыйлады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары