23 мамыр күні Алматы облысы Жібек жолы ауылында орналасқан «АзияАгроФуд» зауытында жарылыс болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Өрт 1380 шаршы метр аумақты шарпыған. Жарылыстан 4 адам зардап шеккен. Оның ішінде 1 адам қайтыс болды. Марқұм болған азаматтың жасы елуде. Ол зауытта 10 жылға жуық жұмыс істеген.
Ал қалған үш адамның біреуі – 95 пайыз, екеуі – 80 пайыз күйген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары өте ауыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары астық қалдықтарының шаң-тозаңы жарылысқа себеп болуы мүмкін екенін айтуда.
Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.