Үндістандық биші Nivetha Shree өзінің Instagram парақшасында Тұзбайыр сортаңы маңында билеген әсерлі бейнежазбасын жариялады., деп хабарлады turkystan.kz.
Айта кетейік, Тұзбайыр – Ақтау жотасының Батыс Үстіртпен шектесетін тұсындағы тұзды көл.
Жаңбырдан кейін сортаң аймағы айнадай көлге айналып, бишінің өнер көрсетуіне ғажайып көрініс пен ерекше атмосфера сыйлаған.
Бұл бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті.
«Бұл – ертегі әлеміне жасаған сапар іспеттес. Мұндай сәтті бастан кешкенде ғана қозғалыс пен энергияның осындай ерекше жерде біртұтас болатынын сезінуге болады», – деп жазды биші бейнежазбаның астына.