Өзбекстаннан көшіп келген Аман Қонысбеков Азия чемпионы атанды

Өзбекстаннан көшіп келген Аман Қонысбеков Азия чемпионы атанды
Қазақстан бокс федерациясы

Шри-Ланкада 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Аман Қонысбеков жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

75 келіде жұдырықтасатын Аман финалда шаршы алаң иесі, шри-ланкалық боксшы Усайз Мұхаммедтен басым түсіп, Азия чемпионы атанды.

Айта кетерлігі, бүгінде жаңа салмаққа ауысқан Аман тура бір жыл бұрын Елорда Кубогінде Қазақстан атынан дебют жасаған болатын.

Аман Қонысбеков Өзбекстанның Науаи облысы, Зафарабад ауылында дүниеге келген. Өзбекстан чемпионатында 71 келіге дейін жарысқа араласқан. 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері. Былтыр ақпан айында тарихи Отаны – Қазақстанға қоныс аударып, Түркістан облысының атынан сынға түсіп жүр. Елде өткен бірнеше жарыстың жеңімпазы әрі жүлдегері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары