Күніне 2 литр су ішу – миф

/
Күніне 2 литр су ішу – миф
istockphoto.com

Күніне екі литр су ішу – миф. Өйткені күнделікті норма адамның жасы, салмағы және физикалық белсенділігіне қарай есептеледі, деп хабарлады Мәскеу облыстық денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Видное клиникалық ауруханасының терапевт-дәрігері Милена Османова.

«Күніне екі литр су іш» деген кеңес – бұл жай ғана миф. Нақты норма адамның жасына, салмағына, физикалық белсенділігіне, климаты мен денсаулығына байланысты. ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) формуласы бойынша: 1 килограмм салмаққа 30–35 миллилитр су. Мысалы, салмағы 70 келі адам үшін бұл – 2100–2450 миллилитр. Егер адам белсенді түрде спортпен айналысса, әр сағаттық жаттығуға қосымша 500 миллилитр су қажет», — деді ол.

Сондай-ақ күнделікті ішілетін судың нормасына тамақтан түсетін сұйықтық та кіреді, себебі адам судың шамамен 20 пайызын тағамнан – сорпа, жеміс-жидек пен көкөністерден алады.

Дәрігердің айтуынша, егер орташа есеппен алсақ, ересек әйелдер күніне шамамен 2–2,5 литр су ішуі керек, ал ер адамдар – 2,5–3,5 литр. Жүкті әйелдерге бұл мөлшерге қосымша 0,5 литр, ал бала емізетін аналарға 0,7–1 литр қосу ұсынылады.

Балалар үшін ұсынылған мөлшер:

1–3 жас аралығында — 1–1,3 литр,

4–8 жас аралығында — 1,3–1,7 литр,

9–13 жас аралығында — 1,7–2,4 литр,

Жасөспірімдер үшін — 2–3 литр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары