Ақтөбеде қайғылы жағдай болды

/
Ақтөбеде қайғылы жағдай болды
istockphoto

Ақтөбеде 4 жасар бала суға батып кетті. Баланың денесін сүңгуірлер 2 метр тереңдіктен алып шықты.

Ақтөбе қаласындағы Елек өзені бойында орналасқан демалыс орындарының бірінде қайғылы жағдай тіркелді. Кеше сағат 19:10–да 112 қызметіне қоңырау шалып, көмек сұрағандар 4 жасар баланың суға батып кеткенін хабарлаған.

— Жедел құтқару жасағының сүңгуірлер тобы баланың денесін сағат 19:40–та алып шықты. Бала жағадан 5 метр қашықтықтан, 2 метр тереңдіктен табылды, — деді Ақтөбе қаласының ТЖБ қызметкері Амангелді Бекзат.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары