«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 23-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсерін тигізеді. Соның салдарынан жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, жел күшейеді. ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады.
Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік батысында, Алматы облысының батысында, орталығында, Абай облысының оңтүстік шығысында, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді және тау бөктері аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік шығысында, Атырау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында Ақмола облысының батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысыныңда оңтүстік шығысында, Жетісу облысының шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.