Facebook-те біреуге пікір жазып, балағаттаған азаматқа айыппұл салынды

/
Facebook-те біреуге пікір жазып, балағаттаған азаматқа айыппұл салынды
istockphoto.com

Қарағандыда ер адам Facebook желісінде біреуге жазған, қорлайтын пікірі үшін айыппұл төлейтін болды. Сот одан моральдық шығын ретінде 200 мың теңге өндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айыпталушы өз атына тіркелген аккаунт арқылы жәбірленушінің ар-абыройына нұқсан келтіретін пікір жазған. Онда ол жәбірленушінің ішімдікке әуестігі, арнайы есепте тұрғаны туралы мәліметтерді жариялаған. Сонымен қатар жәбірленушінің жеке деректері жарияланып кеткен.

Сотқа жүгінген жәбірленуші сотталушыдан1 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуді талап еткен.

Істі қарау барысында сот айыпталушы таратқан мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін, ресми деректермен расталмағанын және тек талапкердің беделіне нұқсан келтіру мақсатында тексерусіз жарияланғанын анықтады.

Сот жауапкерді жазған пікірін ресми түрде терістеу жариялауға міндеттеп, одан 200 мың теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірді. Сондай-ақ ол сот шығындарын өтейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары