Бокстан Шри-Ланкада жастар арасында өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы Азиядағы тарихи жетістік тіркеді.
Финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды.
Чемпион атанған боксшылар:
• 48 келі – Айым Таңқыбаева
• 50 келі – Сила Биболсынқызы
• 52 келі – Рахмина Абдумежитова
• 54 келі – Жанель Имантаева
• 57 келі – Ақнұр Тұрсынғали
• 60 келі – Толғанай Қасымхан
• 63 келі – Алина Құдайгенова
• 66 келі – Ақбота Есімбекова
• 70 келі – Мария Сидоренко
• 75 келі – Зарина Толыбай
• 81 келі – Құралай Егінбайқызы
• +81 келі – Сабина Жақсылық
Бұл бәсекеде Азия құрлығынан 21 ел, Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғыз Республикасы, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам құрамалары 12 салмақта жүлдені сарапқа салды.