«Өле берсе болашақтан не хайыр?»: әнші Ақбота-Нұрдың жазбасы елді елең еткізді

/
«Өле берсе болашақтан не хайыр?»: әнші Ақбота-Нұрдың жазбасы елді елең еткізді
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Алматыда қаза тапқан Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты әділдік талап етіп, жазба жариялады деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

Ақнәрдің ғұмырының қасақана қорланып қиылғанын, Ақнәрді азаптау іс-әрекеттері камераға түскен ап-анық итеріп құлатқан жазбасы, қаншама көзге ұрып тұрған дәлелдердің жеткілікті болып тұрғанын көре тұра, істің неге 10 айға созылып, қылмыстылардың бостандықта жүргенін санамыз қорытпайды.

Қандай қоғам мынау? Әділет қайда? Мәпелеп баққан, мәдениетті бір туар балалар осылай бассыз кеткен қатігездердің қолынан өле берсе болашақтан не хайыр?

Құрметті сот орындаушылар, заң тарапы сіздерден әділдік талап етеміз ХАЛЫҚ болып!!!

Бұл 22 жастағы Ақнәрдің ғана емес, бүкіл елдің тағдыры! Ақнәр үшін ӘДІЛДІК!», — деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары