27 жыл сахнада жүрген әнші Дастан Оразбеков Қызық Times бағдарламасына сұқбат беріп, махаббаты мен қызығушылықтарына қатысты ағынан жарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Nur.kz жауынша, бағдарлама жүргізушілері студияда би билеп, көпшілікті тәнті еткен әншіден шымыр әрі "краш" болуының сырын сұрады. Әнші бұған ең алдымен спортпен шұғылдануы, одан кейін махаббаты сепші екенін жасырмады.
"Қазы жесең, ет жесең, сосын дене шынықтырумен айналысу керек. Қазір мен триатлон деген спортпен айналысамын. Күнара екі шақырым жүземін, сосын күнара 40 километр велосипед теуіп, 10 километр жүгіремін. Сонда аптасына үш рет жүгіріп, велосипед тебемін, сосын үш рет жүземін", - деп құпиясын бөлісті әнші.
Дастан содай-ақ шымыр болуына жарымен бәстескені де көмек болғанын айтты.
"Сүйіктіммен бәстескенмін. "Егер мен осы уақытта осынша килограмм тастамасам, мен саған осынша қаражат ұтыламын" дедім. Ол үшін бірақ қаражаттың сомасы үлкен болуы керек, өйткені іш ашу керек", - дейді Оразбеков.
Ол биыл жарына деген махаббаты еселей түскенін айтып, "краш болу үшін спорттан бөлек махаббат та болуы керегін" айтып қалды.
"Осы жылы сүйіктіме махаббатым ашылып жүр, сүйіктіммен екі бейнебаян түсіріп тастадым", - деген әнші жан жарын үйіндегі музаға теңеп, оны бейнебаянындарында жиі түсіруінің себебін айтты.
"Ертең бейнебаян түсіріп жатқанда жарымнан алған музамды бөтен келіншекке білдіріп жатқаным дұрыс емес шығар деп ойладым", - дейді ол.