«Қазгидромет» РМК мәліметінше бейсенбі күні бірнеше өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады.
Ұлытау облысында 22 мамырда батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты жел болады деп болжанып отыр. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде орталығында жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, батысы, солтүстігі мен шығысында 23-28 м/с жетеді. Орталығында, шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары. Жезқазғанда осы күні найзағай мен екпінді жел тұрады. Жел екпіні солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, түнде 15-20 м/с, күндіз кей сәтте 23-28 м/с жетеді. Өрт қаупі өте жоғары күйінде қалады.
Қарағанды облысында 22 мамырда таңертең және күндіз батысында найзағай болып, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел екпіні оңтүстік-шығыстан, күндіз батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с, батысында кейде 23-28 м/с жетеді. Шығысында өрт қаупі жоғары күйінде сақталады.
Батыс Қазақстан облысында 22 мамырда солтүстігі мен шығысында найзағай болып, бұршақ жауып, дауыл тұрады деп болжанған. Жел екпіні солтүстік-батыстан, солтүстіктен, оңтүстігі, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жетпек. Оралда осы күні найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты жел болады, жел екпіні 18 м/с.
Жамбыл облысында 22 мамырда таулы аудандарда найзағай болып мен бұршақ жауады. Солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз кейде 23 м/с. Өрт қаупі солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары, батысы мен шығысында өте жоғары. Таразда жел күндіз 15-20 м/с дейін жетеді.
Атырау облысында 22 мамырда солтүстігі мен шығысында найзағай болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, күндіз солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Шығысында өрт қаупі жоғары, батысы мен солтүстік-шығысында жоғары, оңтүстігінде өте жоғары күйінде қалады. Атырауда да өрт қаупі өте жоғары.
Қызылорда облысында 22 мамыр түнде солтүстігінде найзағай мен қатты жел болады. Солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, түнде солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с, күндіз де сондай. Өрт қаупі өте жоғары. Қызылордада таңертең және күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Ақтөбе облысында 22 мамырда батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, күндіз солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында 15-20 м/с. Батысы, оңтүстігі мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығысында өте жоғары. Ақтөбеде найзағай және желдің екпіні 15-18 м/с.
Қостанай облысында 22 мамырда күндіз оңтүстігінде нөсер болады. Батысы, оңтүстігі мен шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауып, қатты жел тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, батысы, оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с. Оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары. Қостанайда найзағай болжанған.
Солтүстік Қазақстан облысында 22 мамырда оңтүстігінде кей кезде нөсер болады. Күндіз батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай, батысы мен оңтүстігінде бұршақ жауып, қатты жел тұрады. Жел екпіні оңтүстік-батыстан, түнде солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, күндіз батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с, оңтүстігінде кейде 25 м/с жетеді. Петропавлда найзағай болады.
Алматы облысында 22 мамырда таулы аудандарда найзағай болып, күндіз батысы мен солтүстігінде +36 ыстық болады.
Маңғыстау облысында 22 мамырда түнде шығысы мен орталығында найзағай болады. Жел екпіні солтүстік-батыстан, батыстан, шығысы, солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с жетеді. Батысында өрт қаупі жоғары. Ақтауда өрт қаупі жоғары күйінде қалады.
Павлодар облысында шығысында өрт қаупі жоғары, батысы мен оңтүстігінде – өте жоғары. Павлодарда да өрт қаупі жоғары болады.
Ақмола облысында 22 мамырда күндіз найзағай, батысында бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с. Батысында өрт қаупі өте жоғары.
Түркістан облысында 22 мамырда таулы жерлерде найзағай, солтүстігі, батысы мен шөлді өңірлерінде шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстігі, батысы, шөл және таулы жерлерде 15-20 м/с, кей сәтте 23 м/с. Солтүстігі, шөл және тауға жақын аймақтарда өрт қаупі өте жоғары болады. Шымкентте жел екпіні 15-20 м/с жетеді, өрт қаупі өте жоғары. Түркістанда күндіз кейде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Астанада 22 мамырда күндіз найзағай болады.
Абай облысында 22 мамырда солтүстік-батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.
Шығыс Қазақстан облысында 22 мамырда оңтүстік-шығысында өрт қаупі өте жоғары.
Жетісу облысында 22 мамырда жел екпіні оңтүстік-шығыстан, күндіз шығысы мен таулы жерлерде 15-20 м/с жетеді. Оңтүстігі мен шығысында күн +37 дейін қатты ыстық болады. Орталығы, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары, солтүстігі мен шығысында өте жоғары болады. Талдықорғанда өрт қаупі жоғары болады.