ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа форматтағы мектептер салу бойынша ұлттық жобаны іске асыру туралы айтып, жайлы мектептер оқытудың заманауи стандарттарымен бірыңғай білім беру кеңістігін құруға бағытталғанын атап өтті.
«Жобаны іске асыру элиталық оқу орындарын құруға емес, білім беру сапасының жоғары стандарттарын жаппай енгізуге бағытталған, бұл әр баланың дамуына және өзінің ішкі әлеуетін ашуына мүмкіндік береді», - деді спикер.
Сонымен қатар, оқу-ағарту министрі жаңа форматтағы мектептерді «Келешек мектептері» деп атауды ұсынды.
«Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, теңдессіз жаңа үлгідегі мектептер салынуда. Келешек мектептері – бұл ХХІ ғасырдың талаптарына сай келетін заманауи білім беру инфрақұрылымын құрудағы стратегиялық қадам. Біз жаңа форматтағы мектептерге «Келешек мектептері» атауын беруді ұсынамыз. Ол осы ұйымдардың миссиясын айқын жеткізед – Қазақстандағы барлық балаға тең мүмкіндік беретін болашақың мектебіне айналу», - деді Ғани Бейсембаев.
Оқу-ағарту министрі жаңа мектептердің негізгі қағидаттарына тағы да назар аударды. Бұл бірыңғай заманауи стандарт, заманауи технологиялар, күшейтілген қауіпсіздік режимі, бәріне қолжетімді, тең мүмкіндіктер, оқытудың заманауи тәсілдері, ерте жастан кәсіби бағдар беру, білікті кадрлар.