Шымкентте 21 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

/
Шымкентте 21 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды
istockphoto.com

Шымкент қаласында 19-23 мамыр аралығында көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау және заңсыз көші-қонның жолын кесу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараның алғашқы күнінде полиция қызметкерлері 125 құқық бұзушылықты тіркеді. Олардың басым бөлігін шетел азаматтары жасаған.

Атап айтқанда, 120 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағында жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 21-ы ел аумағынан шығарылды. 120 — ТМД елдерінің азаматтары, 5 — алыс шет мемлекеттердің өкілдері.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзған 38 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 8 жұмыс беруші бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары