Алматыда ірі көлемдегі контрафактілік ұялы телефондар тәркіленді

/
Алматыда ірі көлемдегі контрафактілік ұялы телефондар тәркіленді

Әділет департаментінің қызметкерлері Xiaomi Inc. компаниясына тиесілі тауар белгісін заңсыз пайдаланып келген контрафактілік өнімдерді сату фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Xiaomi Inc компаниясының өкілінің өтініші негізінде Алматы қаласының ірі сауда базарларының бірінде әділет органдарының өкілдері жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, Xiaomi және Redmi тауар белгілерін заңсыз сату фактілерінің жолын кесті.

Тексерулер нәтижесінде 700-ден астам контрафактілік өнім, оның ішінде жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асатын ұялы телефондар мен мобильді аксессуарлар тәркіленді.

Контрафактілік өнімді сату тұтынушылардың сеніміне нұқсан келтіріп қана қоймай, заңды бизнеске зиян келтіреді

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша кінәлі адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс жүргізу шаралары жүргізілуде.

Іс материалдары кінәлі адамды жауапқа тарту үшін сотқа беріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары