6 жастағы бала құлпынай жеп қайтыс болған

/
6 жастағы бала құлпынай жеп қайтыс болған
Ашық дереккөзден

Днепрде ерте піскен құлпынайдан кейін уланған бала қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Украинаның Днепр қаласында алты жасар бала ерте піскен құлпынай жеген соң денсаулығы күрт нашарлап, кейін қайтыс болды.

Бастапқыда балада асқазанның бұзылуы байқалып, іш өтіп, ішінің ауыра бастағаны белгілі болды. Кейін дене температурасы көтеріліп, терісінде бөртпелер пайда болған. Бұл жағдай 9 сәуірде орын алған.

Баланы келесі күні медициналық мекемеге жеткізгенімен, өкінішке қарай, 11 сәуір күні таңертең өмірден өтті.

Мамандардың айтуынша, құлпынайдың құрамында зиянды заттар – паразиттер мен пестицидтер болуы мүмкін. Әсіресе ерте шыққан жемістер химиялық өңдеуден көп өтеді.

Сол себепті құлпынайды мұқият жуып, балаларға берер алдында сақтық танытқан жөн. Ал егер жемістен кейін ағзаңызда қандай да бір өзгеріс байқалса, дереу дәрігерге қаралу маңызды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары