АҚШ-тың 39 жастағы цирк өнерпазы Лейла Нун өз шашымен 25 минуттан астам уақыт асылып тұрып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ерекше қойылым Калифорния штатындағы Редвуд ұлттық паркінде өтті. Бұл туралы Гиннестің ресми сайты жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейінгі рекорд 2011 жылы Аустралиялық Сутакаран Сивагнанатурай есімді азаматқа тиесілі болған. Ол 23 минут 19 секунд бойы асылып тұрған. Лейла Нун бұл жетістікке жету үшін екі жыл бойы арнайы жаттығу жасаған. Рекорд орнату кезінде ол бірнеше қалып ауыстырып тұрған, ал достары оған гитарада ойнап, рухани қолдау көрсеткен.
Гиннес ұйымының өкілдері бұл трюкті әуесқойларға қайталауға болмайтынын ескертті. Лейла – кәсіби цирк өнерпазы, ол өзінің арнайы әдістерін жасап шыққан.