Белгілі әнші Ұлықпан Жолдасов «КешREC» бағдарламасында имиджіне қатысты құпиясын ашты, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі мойнында алақанның көлеміндей қара қал болғанын айтты.
«Шашым ақырындап түсіп жатыр. Түсіп қалады толық жақында. Ауыстырып қайтемін?! Жалымен менің мойным ұзын. Мойнымда алаққаның көлеміндей қал тұр. Оның өзіндік тарихы бар.
Кезінде анам құрбысымен емші көріпкел және құмалақ ашатын Аюп деген атамызға барып, «құрбыма құмалақ ашып бер» деп өтінген. Сол кезде атамыз анама қарап, «құмалақ сенің құрбыңа емес, саған түсіп тұр» деген. Кейін «Сенің кішкентай балаң бар екен. Үйге барғанна соң, мойнында, желке тұсында ақ қал болуы тиіс, қара! Болса жеті мүшеснің біреуі кем болады, бірақ аман болады. Ал егер болмаса – қауіп. Мал сойып, садақа беріп, бірдене қыл» дейді екен.
Сосын далада ойнап жүрсем, мамам айғайлап шақырып алды. Жасым ол кезде 5-те болатын. Кейін «бар екен» жібере салды. Күнде таңертең 5-6-да оятып, тұрығызып алады. Қаламмен қалымды сызады. Сызғанда орны қарая береді. Қарайып-қарайып жоғалып кетеді. Содан қалған дақ бар. Соны шашыммен жабамын. Кейін 3-сыныпта қолымды сындырдым. Қазір қолым қатты бүгілмейді. Сөйтіп қысқарып қалған. Осы қолмен әскерге де барып келгенмін. », - деді өнер иесі.