Түркістан облысында оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

/
Түркістан облысында оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды
bil.arys

Түркістан облысы Арыс қаласындағы Абай атындағы Білім-Инновация лицей-интернатының түлегі, 18 жастағы Айсұлтан Алтынбекті әлемнің 9 елінен 86 жоғары оқу орны шақырды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Лицейіміздің мақтанышы Алтынбек Айсұлтан әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен шақырту алды. Олардың ішінде ең беделді 10 халықаралық университет бар», - деп жазылған хабарламада.

Айсұлтан шақырту алған үздік университеттер қатарында мына ЖОО-лар бар:

  • Budapest University of Technology and Economics
  • Eötvös Loránd University
  • University of East London
  • Albion College
  • Hampshire College
  • Drexel University
  • DePaul University
  • CU Boulder (University of Colorado Boulder)
  • Drake University
  • Temple University

«Бұл оқу орындары - жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын, ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер. Айсұлтанның жалпы иеленген гранты - $4 614 000. Бұл - үлкен еңбек пен мақсатқа деген адалдықтың нәтижесі», - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары