Асфальтқа бензин төгіп, өртеген азаматқа айыппұл салынды

/
Асфальтқа бензин төгіп, өртеген азаматқа айыппұл салынды
istockphoto.com

Қостанай қаласының тұрғыны «Тобыл Арена» жанындағы автотұрақта шамамен 300 грамм бензинді асфальтқа төгіп, оны өртеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл әрекетімен ол айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген.

Сот отырысында ол кінәсін мойындап, танысымен бірге автотұраққа келгенін, бұл әрекетті бейресми жобаның аясында бензиннің асфальтта жану процесін видеоға түсіру мақсатында істегенін түсіндірді. Ол бұған дейін оператор жігітпен танысып, автокөлік қатысатын түсірілім жүргізуді шешкен. Бензинді өртегеннен кейін жалынды екеуі бірге өшірген.

Сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 78 640 теңге айыппұл салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары