«Ота жамбасыма жасалды»: Алтынай Жорабаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

/
«Ота жамбасыма жасалды»: Алтынай Жорабаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды
Әлеуметтік желіден

Елге танымал әнші Алтынай Жорабаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жамбасына ота жасатқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz. 

“Міне – біздің үйдің ұстанымы. Тәрбиеміз де осындай. Еркектің немесе әйелдің жұмысы деп бөлмейміз. Кімнің қолы тиеді, сол жасай береді. Ағам да, інім де сондай. Қыздар малға да қараймыз. Жігіттер қолы тиіп тұрса, тамақ жасай салады. Сиыр сауып, күбі піседі”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ауылда әкесінің шөп шайларымен емделіп жатқанын айтты.

“Кейбір еркексымақтар бар ғой. “Қатынның тірлігі” деп сөйлейтін. Олар өзіне сенімсіз, комплексі бар, тәрбие көрмегендер деп санаймын. Әкемнің анамның шайын дайындап береді. Массажын жасап, қан қысымын өлшеп отырады. Керемет жан. 28 сәуірде жамбасыма ота жасатып едім. Сол кезде ауырғанды сездірмейтін дәрілер іштім. Ол бауырым мен бүйрегіме әсер етті. Ауылда әкемнің қайнатқан шөп шайларын ішіп жатырмын. Күнде ішкізіп, уақытын қадағалап отыр”, – деп жазды әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары