Қазақстан - Өзбекстан шекарасы жабылды

/
Қазақстан - Өзбекстан шекарасы жабылды
Фото: МКК

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Тәжен" өткізу бекеті осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жабық болады, деп хабарлайды turkystan.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өзбекстан Республикасымен келісім бойынша Қазақстан "Тәжен" өткізу пункті арқылы шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйымды 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартты", - делінген хабарламада.

Шектеу өткізу пунктінде және оған іргелес инфрақұрылымда жүргізіліп жатқан құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарына байланысты енгізілген.

Оған күрделі жөндеу, инженерлік желілерді тарту және бейтарап аймақта жол салу жұмыстары кіреді.

Ведомство азаматтарға сапарларын жоспарлау кезінде бұл шектеуді ескеруге кеңес берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары