Оқиға 12 А шағын ауданында тұрғындардың көзінше болған.
Куәгерлер төбелесті бейнежазбаға түсіріп, таратып жіберді. Бейнежазбада жерде жатқан адамды екі бірдей жігіт жабылып ұрып жатыр. Жанжалға тағы бір кісі араласып, төбелесіп жатқандардың бірін аяғымен теуіп жібереді.
Бұл оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
— Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.