Петропавлда адамдардың бас сүйегі шашылып жатқан видео тарады

/
Петропавлда адамдардың бас сүйегі шашылып жатқан видео тарады
facebook.com/tolegen.imanov

Бұл туралы қоғам белсендісі Төлеген Иманов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Ол желіге видео жүктеген, деп жазады kazinform.kz.

Петропавлдың байырғы тұрғыны, археолог-ғалым Анатолий Плешаковтың айтуынша, Заречный кентінде бұрын зират болған. Көпшілік ол туралы біле бермейді.

"Бұл қорымға қайтыс болған сотталғандарды 1960 жылдардың басына дейін жерлеген. Бірақ кім жерленсе де, сүйектердің бұлай шашылып жатуы дұрыс емес. 1934 жылдары бұл жерде барактар тұрды, репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілгендерді де осында жерледі", — дейді Анатолий Плешаков.

Зират болғанын әр жерде тұрған белгілерден де көруге болады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласының полициясына Заречный шағын ауданында адам сүйектерінің табылғаны туралы хабар түсісімен оқиға орнына бірден мамандар жіберілді.

"Жедел-тергеу тобының қызметкерлері адам сүйегі фрагменттерін алып, мән-жайды анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберді. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлу белгілері анықталған жоқ. Тексеру жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылданатын болады", — делінген ведомствоның жауабында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары