Теміртауда жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен адам қамауға алынды

/
Теміртауда жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен адам қамауға алынды
Видеодан скриншот

Теміртауда су жағасында жыныстық қатынасқа түскен ер мен әйелге сот шешімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскендердің видеосы тараған болатын.

Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше олар қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасап, айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ал әйелге 78 640 тенге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары