Меруерт Түсіпбаева мен Майра Ілиясованың арасындағы жағымсыз жағдайға нүкте қойылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Достар әлеуметтік желіде неше түрлі алып-қашпа әңгімелер жазылып жатыр. Сол үшін мен осы даудың нүктесін бүгін қойғым келеді. Маған көп танымал адамдар хабарласып жатыр. Мақпал Жүнісова апам хабарласып, ұрысты. «Сенің жасың кіші, ол кісінің жасы үлкен, әрі беделді адам. Кешірім сұра» деп айтты. Мен кешірім сұрауға дайынмын. Майра Ілиясова ханымнан кешірім сұраймын! Шын мәнінде, ол кісі маған адам ретінде көп көмектескен. Ол кісінің барлық еңбегін бағалаймын. Бірақ біздің дау-дамай қоғамдық жұмысқа қатысты болған», - деді әнші.
Еске салсақ, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясоваға қатысты ренішін білдірген еді.