Роза Әлқожа қонақты үйіне емес, дәмханаға шақыратындарды сынады (ВИДЕО)

/
Роза Әлқожа қонақты үйіне емес, дәмханаға шақыратындарды сынады (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/rozaalkozha

Роза Әлқожа желі қолданушыларына қонақты қалай шақыру керегін көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жақсылардың басын қосып ішкен бір шәугім шай бәрінен тәтті. Бәрі әзір заманда адамзат жалқауланып бара жатқаны жасырын емес. Ал, көңілді жақсартатын, жүректі жұмсартатын – жылы  жүздесу. Маған үйде бір ауық мал сойылып, ет асылып, бауырсақ пісірілмесе, қонақ келмесе береке болмай тұрғандай көрінеді. Дәмханадан іше салғаннан төр көрсеткен, төредей төрге шығарғанның жөні бөлек. Осы нағыз қазақы қалыбыммен қала беретін шығармын?! Отағасы іс сапарда жүрсе де үйде ұлдарым бар ғой деп кеше аяқ астынан қонақ шақырдық. Үш жылдан бері сапарға бірге шығып, бар жақсылық-қуанышымда қасымнан табылған Әділ Өтемістің ата-анасын, нағашы әпкелерімді, құдаларымды қонаққа шақырып алдым. Ана дүниенің қандайлығын бара көрерміз, мына дүниеде дәм қарыз болмай, көңіл қарыз болмай жүргенге не жетсін?! Адамның адамға жаттығы жоқ, жуыса алса. Жақының жат болатыны - жоламаудан, сірә?! Әркім өз ізетін біліп, арада бір үзім нан үзіліп тұрса – сыйластықтың сәні сол емес пе?! Алла тәкаппарлықтан өзі сақтасын! Иілуден жазбасын!», - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары