Құтқарушылар Қызылорда облысында апатты жағдайда қонған ұшақтың бортында болған үш адамды сегіз сағат бойы іздеген, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеше ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында "Таң-Құмкөл" бағытында ұшқан бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың қайда екені белгісіз еді әрі олармен байланыс болмады.
Жедел іздестіруге ТЖМ мен ПД-нің барлық күші мен құралы тартылды. Сондай-ақ іздестіруді жүргізу үшін Қазақстан ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
Іздестіру тобының жедел әрі үйлесімді іс-қимылдарының арқасында сегіз сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.