Қостанай облысында құны 219 миллион теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

/
Қостанай облысында құны 219 миллион теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды
istockphoto

Қостанай облысында жерлер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Ұзынкөл ауданының прокуратурасы жер қатынастары саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады.

"2023-2024 жылдары аудан прокуратурасы осы мәселе бойынша әкімдіктің атына 7 қадағалау актісін енгізді, соның нәтижесінде мемлекет кірісіне ауданы 13,6 мың га жер учаскелері қайтарылды, кадастрлық құны 219 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.

Биыл прокуратураның бастамасы бойынша уәкілетті орган жалпы ауданы 5,6 мың гектар болатын тағы 56 учаске бойынша тексеру іс-шараларын бастағаны айтылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары