Экс-президентке қауіпті онкологиялық диагноз қойылды

/
Экс-президентке қауіпті онкологиялық диагноз қойылды
istockphoto

Дәрігерлер 16 мамыр күні АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденнен қуықасты безі қатерлі ісігінің агрессивті түрін анықтады, деп хабарлайды The New York Times.

ТАСС басылымға сілтеме жасай отырып хабарлағандай, аурудың бұл түрі гормондық терапиямен емделеді, сондықтан ауру ағымын бақылауда ұстауға болады.

— Аурудың түрі агрессивті болғанымен, ол гормоналды терапиямен емдеуге болады. Бұл емдеуді нәтижелі жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта президент пен оның отбасы дәрігерлермен бірлесіп емдеу нұсқаларын қарастырып жатыр, — делінген Байден өкілінің басылымға берген мәлімдемесінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары