Темірдауда көлде көпшіліктің көзінше жыныстық қатынасқа түскен.
Азаттық рухының жазуынша, желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, екі ересек адам – әйел мен ер адам суға түсіп, демалушылардың көзінше интимдік қатынас жасаған.
"Әйел мен ер адам суға түсіп, барлығының көзінше, көлде жыныстық қатынасқа түсті. Жағажайда ересектер мен кәмелетке толмаған балалар болды", - деп жазды оқиға куәгері.
Куәгерлердің айтуынша, жағажайға барғандар мас болған көрінеді. Бұл жағдай видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде тез тарап кетті.
Полицейлер қандай шара қолданды
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, тексеріс жүріп жатқанын атап өтті.
«Ақпарат назарға алынып, тиісті шара қолдану үшін облыстық полиция департаментінің құзырлы қызметіне жолданды. Заң бұзушылықты анықтасаңыз, дереу «102» нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.