Алдағы екі жылда 159 каналды автоматтандырылады, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Түркістан облысында – 81, ал Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады. Барлық жұмысты 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде барлық каналдан өтетін судың көлеміне қатысты мәліметтер министрлікке түседі.
"Бұл суды қабылдау көлемдерін талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл жұмыс Қызылорда облысында да жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру суды тиімді пайдалануға, оны есепке алудың дәлдігін арттыруға және шығындарды азайтуға септігін тигізеді", - дейді вице-министр Аслан Абдраимов.
Айта кетері, президент кем дегенде 3500 км суару каналдарын цифрландыруды тапсырған болатын.