Парадқа қатыса алмаған ардагер ерекше тосынсый алды (ВИДЕО)

/
Парадқа қатыса алмаған ардагер ерекше тосынсый алды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Өскемендік жайдарманшылар - "Швейцария" жайдарман командасы бұған дейін Астанадағы парадқа кіре алмаған тыл ардагері, профессор-нейрохирург Теңдік Изақовқа тосынсый жасады, деп хабарлайды nur.kz.

Бұл жаңалықты команда өзінің Instagram желісінде хабарлады.

Аталған жайт елорда өтіп жатқан "Жайдарман ТОП" жобасының екінші туры кезінде болған. Өскемендік "Швейцария" жайдарман командасы сахна төріне Теңдік Изақовты шақырды. Дәл осы сәтте көрермендер ақсақалға қошамет көрсетіп, ерекше қарсы алғанын көруге болады. Елдің дамуына, тарихына қосқан үлесі үшін команда өкілдері оған Қатон-Қарағай шипажайына жолдама сыйлаған.

Қатты толқыған қария, оларға алғысын айтып, сахна төрінде қалжыңдап та үлгерді.

"Барсам, қабылдайды ғой!?", - деп сұрады ол жолдама сыйлаған жастардан.

"Кіргізеді ата, уайымдамаңыз!", - деп жауап берді олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары